Түркі академиясы Зәки Уәлиди Тоғанға арналған жиын өткізді

Түркі академиясы Зәки Уәлиди Тоғанға арналған жиын өткізді

фото из интернета

 width= Бүгін Халықаралық Түркі академиясы «Тұлғалар тағылымы» жобасы аясында түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы, көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Зәки Уәлиди  Тоғанның нөмірі мен  шығармашылығына арналған «Зәки Уәлиди Тоған: ғалым, саясаткер, тұлға» атты шара өткізді. Онлайн форматта өткен басқосуға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Зәки Уәлиди Тоғанның ұрпағы, тарих ғылымдарының докторы Исенбике Тоған мен Сүбедей Тоған, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев,  Ресей Ғылым академиясына қарасты Уфа ғылыми орталығы Тарих, тіл және әдебиет зерттеу институтының жетекшісі Фирдаус Хисамитдинова және осы аталған институт қызметкері Ахат Салихов, Өзбекстан ғылым академиясы Тарих институтының бөлім меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Қахрамон Раджабов, Назарбаев университетінің профессоры Юлай Шамилоғлы, Түрік тарихы қоғамының мүшесі, тарихшы Тунжер Байкара, Қырғызстанның  белгілі түркітанушысы, профессор Кадыралы Конкобаев, «Ағидел» башқұрт мәдени орталығының жетекшісі Азамат Рыскильдин қатысты.  width= Жиынды Түркі академиясының басшысы Д. Қыдырәлі  жүргізіп отырды. Қатысушылар Зәки Уәлиди Тоған туралы естеліктерімен бөлісіп, оның артында  қалған мол мұрасы туралы  ойларын ортаға салды.

Загрузка...