weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Сегодняшние новости Казахстана и мира | Newsroom.kz KZ search
Партнеры
10 ноября, 2025 / Жасмина Нурлан / Регионы
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістанда азаматтарға тегін кеңес берілген «Халық заңгері» жобасы өтті

Түркістан қаласында бүгін «Халық заңгері» республикалық жобасы аясында кең көлемді құқықтық акция өтті. Шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және қоғамда заң үстемдігін нығайтуға ықпал ету.

Түркістанда азаматтарға тегін кеңес берілген «Халық заңгері» жобасы өтті

Іс-шара барысында кәсіби заңгерлер, прокуратура қызметкерлері мен түрлі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қала тұрғындарына тегін консультациялар ұсынып, жиі кездесетін құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Азаматтар әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, еңбек құқығы және басқа да маңызды бағыттар бойынша өз сұрақтарына нақты жауап алды.

Құқықтық мәдениетті дамытуға белсенді үлес қосып жүрген бірқатар қала тұрғындары арнайы марапаттарға ие болды. Марапаттарды қалалық Бас прокурор Кәукен Нәрікбаев, Түркістан қаласы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Шоқан Тоймахан және қалалық мәслихат депутаты Жамиля Сүлейменова табыстап, олардың қоғамдағы құқықтық сананы көтерудегі еңбегін атап өтті.

Бұл акция Түркістан қаласының құқықтық инфрақұрылымын күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстардың жалғасы болып табылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ашық форматтағы кездесулер азаматтардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға септігін тигізеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату